×

Құны 6 млн доллардан асатын есірткіні елге кіргізбек болған шетелдік ұсталды

Тәркіленген заттың Ресейдегі қылмыстық топ мүшелеріне арналғаны анықталды

 Динара Амантай 01.07.2023 | 12:35
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Құны 6 млн доллардан асатын есіркіні елге кіргізбек болған шетелдік ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, биыл 31 мамырда Жамбыл облысының Қордай ауданындағы «Қарасу» өткізу пунктінде шекара наряды шетелдік азамат тізгіндеген жүк көлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында өзге тауарлардың арасына жасырылған 800 келіге жуық каннабис шайыры табылды. Тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 6 млн АҚШ долларынан аса сомаға бағаланып отыр.

ҰҚК органдары есірткі заттарын заңсыз тасымалдау және өткізу фактісі бойынша прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында тәркіленген есірткі заттарының Ресей Федерациясындағы қылмыстық топ мүшелеріне арналғаны анықталды.

Ресейдің құзыретті органдарымен бірлескен іс-шаралар барысында есірткі трафигінің ұйымдастырушылары ұсталды.

Қылмыстық істің өзге де мән-жайлары ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама