Ол басқа қалаларда да ұрлық жасаған
Шымкентте полиция пәтер тонаумен айланысқан Астана тұрғынын ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Күдікті қаладағы Әл-Фараби ауданында 2 пәтерді тонаған. Үйдің иелері құны жарты млн теңге болатын ұялы телефондар мен алтын бұйымдар жоғалғанын айтқан.
Астаналық үйде біреудің бар-жоғын білу үшін домофонға қоңырау шалған немесе подъезге кіріп, пәтер есігін тексерген. Содан кейін ол пәтерлерге кіріп, бағалы заттарды тез алып, ізін суытып отырған, - деп жазылған хабарламада.
Тергеушілер оның Алматыдағы осындай жайтқа қатысы барын анықтады. Күдіктінің бұрын да пәтер ұрлығы үшін істі болғаны белгілі болды.
Полицейлер оның Астана, Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында басқа да дәл осындай қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін айтады.
Бүгінде Әл-Фараби аудандық ПБ аталған деректі Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды.