Жыл басынан бері қалада 67 көлік апаты тіркелген
Қостанайда полиция жаяу адамдарды өткізбейтін жүргізушілерді жасырын патрульдеу арқылы анықтайды, деп хабарлады Polisia.kz.
Бұл жаңа әдіс басқа да жол қозғалысы ережесін бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік береді. Қызметтік көліктердегі жол қауіпсіздігін бақылайтын қызметкерлер құқықбұзушылықты арнайы құрылғыға тіркейді, содан кейін ақпарат жақын маңдағы патрульге беріледі.
Жасырын патрульдеудің негізгі міндеті – көлік ағынында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау. Бұл жұмыс фото-бейнетіркеу кешендері жоқ жерлерде көмектеседі, - деді Қостанай қаласы ПБ ЖПҚБ басшысының орынбасары Алмат Қарымсақов.
Жыл басынан бері облыс орталығының аумағында 67 көлік апаты тіркелді. Оның 50%-дан астамында жаяу жүргіншілерді көлік қағып кеткен.