Барлық тәуекелдер бойынша оларды дереу жою бойынша ұсыныстар берілді
Кеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кеңесте Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Картасына сәйкес, экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау, коммуналдық желілер мен су құбырларын салу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары шығарылды.
Мысалы, экология саласын талдау нәтижелері бойынша 13 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Атап айтқанда, олар – адамдардың денсаулығына қауіпті зиянды заттарды өлшеу үшін техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілмеуі, өнеркәсіптік кәсіпорындарға рұқсат құжаттарын заңсыз беру фактілері және басқалар. Барлық тәуекелдер бойынша оларды дереу жоюға ұсыныс берілді.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай отырып, облыс әкімі Асайын Байханов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің өңірлік Картасын іске асырудың өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ қалалар мен аудандардың әкімдеріне, мемлекеттік органдардың басшыларына қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігін еске сала отырып, бағыныстыларға бақылауды күшейтуді тапсырды.