Halyq Uni логотип
×

Шымкентте 1 мыңға жуық мопед жүргізуші жауапқа тартылды

32 мотокөлік айыптұраққа қойылды

 Динара Амантай 30.06.2023 | 15:40
Шымкентте 1 мыңға жуық мопед жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Шымкент полицейлері 1 мыңға жуық мотокөлік жүргізушісін жауапқа тартты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 5 тәулік ішінде әртүрлі заңбұзушылыққа жол берген 975 мотокөлік тізгіндеген жүргізушіні анықтады. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігімен мотошлем қолданбағаны үшін 187 адамға хаттама толтырылды. Маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 123 жүргізуші ӘҚБтК-нің 595-бабымен жауапкершілікке тартылды. Тыныштықты бұзғаны үшін 59 жүргізушіге қатысты 437-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұдан бөлек, техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтін көлікті жүргізгені үшін – 47, техникалық қарап-тексеруден өтпеген – 44, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген – 23, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаған – 23 және бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткен 14 азамат жауапқа тартылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері мотокөлік жүргізушілерінің тарапынан болған 2 мың 82 құқықбұзушылық анықталып, 32 мотокөлік айыптұраққа қойылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама