«Бірден оқшаулана бастайды»: Маман депрессияда жүрген адамның негізгі белгілерін айтып берді
Депрессиядан болатын өлім көрсеткіші жыл сайын артып келеді
Көп жағдайда адамның депрессиямен ауырып жүргенінен оның жақындары бейхабар болып келеді. Мамандардың айтуынша, науқастың жағдайы созылмалы ауыр сырқаттардан өлімге дейін ұласуы мүмкін.
Halyq Uni тілшісіне сұқбат берген психоанализ зерттеушісі Жұлдыз Төлеу күйзелісте жүрген адамның негізгі белгілерін айтып берді.
Материалдық мақсат жолында жүрген адам жанына жылдар бойы көңіл бөлмеуі мүмкін. Ең басты белгісі – адам оқшаулана бастайды. 30 жастан соң адамның травмасы бәрібір шығады. Әрине, бәрі бірдей депрессияға түседі деп айта алмаймыз. Жоғарыда айтып өткеніміздей, адамның алты жасқа дейінгі өміріне, ішкі өзегіне байланысты. Әсіресе, жеткіншек кезеңінде балалық травмалардың қатты байқалатын тұсы. Сондай сәттерде айналасынан қолдау болмаса, көбі өзіне қол жұмсауға дейін барады, – дейді психотерапевт.
Маманның пікірінше, депрессияда жүрген адам жиі аурушаң болып, өлім жайлы жиі айта бастайды. Осындай сәттерде айналасындағы жақындары қолдау білдіріп, кәсіби көмекке жетуіне ықпал еткен дұрыс.
Жиі ауырып қала берсе де депрессияның бір түрі саналады. Адамның өзі саналы түрде шешім қамбылдамайынша, психологиялық көмек әсер ете алмайды. Маған көмек сұрап келетіндердің көбі – студенттер, өмірден өзінің орынын таба алмай, өлім мен өмірдің арасында жүргендер. Келетіндердің 60 пайызы әйелдер болса, 40 пайызы ерлер. Ерлер көбіне күйзелісін ойынқұмарлықпен, ішімдікпен басып келген болса, қазір маманның көмегіне жүгінетіндер де көбейіп келеді, – дейді Жұлдыз Төлеу.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда депрессиямен ауыратындар саны 4,4% құрайды. Бұл – шамамен 800 мың адам. 2019 жылы Қазақстан ДДҰ деректері бойынша суицид бойынша үшінші орында тұрғаны анықталды.