Жамбыл облысында шекарадан 1 келі гашиш өткізбек болған адам ұсталды

Динара Амантай

Ол қызметтік иттің көмегімен әшкереленді

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Жамбыл облысында шекарадан 1 келі есірткі өткізбек болған адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, 23 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде қызметтік иттің көмегімен шекаралық бақылау жүргізу барысында Қазақстан азаматының 1 келі «гашиш» есірткі затын өткізу әрекетінің жолын кескен.

Әрі қарай тексеріс жүргізу үшін ұсталған адам және тәркіленген есірткі полиция органдарына тапсырылды.