Түркістан облысында алаяққа сенген әйел 1,3 млн теңгесінен айырылды

Динара Амантай

Аталған факті «Алаяқтық» бабы бойынша тіркеуге алынды

Фото: Halyq Uni

Түркістан облысының тұрғыны алаяққа сеніп, 1,3 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданған. Сырттай таныс әйел жәбірленушіден ұлыңа диплом алып беремін деген желеумен ақша алған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеуге алынды.

Еске сала кетсек, бұған дейін алаяқтарға сенген зейнеткерлердің 2 ай ішінде 130 млн теңгесінен айырылғанын хабарлаған болатынбыз.