Рудныйдағы студенттер уланған асхана қызметкерлері стафилококк жұқтырған болып шықты
Колледж студенттері тамақтан уланып қалған еді
Рудныйдағы студенттер уланған асхана қызметкерлерінің стафилококк жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.
20-21 сәуір аралығында «Рудный тау-кен-технологиялық колледжінің» КМК студенттері жаппай тамақтан уланған болатын. Жұқпалы аурулар бөліміне барлығы 14 адам жатқызылды.
Бүгінгі таңда барлық студент ауруханадан шығарылып, дәрігерлердің бақылауына алынды.
Бұған дейін білім министрі Рудныйдағы жағдай бойынша журналистердің сұрағына жауап берген еді.
«Тергеу жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша шара қолданылады. Енді оны анықтауымыз керек», - деді Аймағамбетов.