Жаркентте автокөлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 1 адам қаза тапты
Екі көлік түгелдей жанып кетті
Жаркентте автокөлік пен жүк көлігі соқтығысып, түгелдей жанып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін Жаркент қаласында тіркелген. Toyota Camry және Volvo ауыр жүк машинасы соқтығысқан. Оқиға орнында 37 жастағы ер адам қаза тапты.
Түнде Головацкий көшесімен келе жатқан жапон шетелдік көлігінің жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды. Соққы жанармай багына тиген. Жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігінде («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет») көзделген тергеу амалдары басталды.
Құрметті автокөлік жүргізушілері, сіздерден жол қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтауды тағы да талап етеміз. Жол қозғалысы ережелерін елемеу қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін, – деді полиция өкілдері.