Павлодарда трамвай жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Оқиғадан кейін ол апат орнынан кетіп қалған
Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 22:27 шамасында қала полициясына Мәшһүр Жүсіп – М.Горький көшелерінің қиылысында трамвай жүргізушісінің 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Оқиғадан кейін жүргізуші апат орнынан кетіп қалған.
Осы факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Трамвай анықталып, тексерілді және мөрленді.