VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясы аяқталды
Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қос палатының жұмысын қорытындылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, алғаш рет Мәжіліске 6 саяси партия сайланған.
Осыған дейін ұзақ уақыт бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Бұл жолғы сайланым Қазақстан тарихындағы ең көп партиялы Парламент болып отыр. Мәжіліс түрлі көзқарастар мен саяси күштер тоғысқан алаңға айналды. Халық қалаулыларының жаңа толқыны келді. Мәжіліс құрамы ұзақ жылдан бері алғаш рет бірмандатты округтен сайланған, шынайы әрі тартысты бәсекеде озып шыққан депутаттармен толықты.
Сондай-ақ әйелдер мен ерекше қажеттілігі бар адамдардың және жастардың қатары көбейді. Сегізінші сайланымды басқа шақырылымдарға қарағанда ең жас Парламент деп атауға болады. Жасы әлі 35-ке толмаған 13 депутат Қазақстан жастары атынан өкілдік етіп жатыр. Бүгінгі таңда жаңарған Парламент – саяси мәдениеті жоғары, беделді халық қалаулыларынан құралған», - деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс төрағасы бірінші сессия небәрі 100 күнге созылғанын жеткізді. Осыған қарамастан ауқымды жұмыс жүргізілген.
«Қысқа болғанымен, атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болды. Сессияның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметіміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар іс жүзінде жүзеге асырылып, Парламентте қаралған заң жобаларының негізіне айналды.
Бұл сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті. Онда 120-дан аса мәселе қаралды. Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болды, оның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойды, - деді ол.
Оның пікірінше, қазіргі сайланымның басты ерекшелігі – көптеген маңызды заң жобасын депутаттардың бастамасымен әзірленуі.
«Депутаттар бастамашы болған заң жобаларына сайлаушылардың талап-тілегі, мұң-мұқтажы, ел президентінің тапсырмалары арқау болды. Бұл ретте заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заңның қабылдануы – әлеуметтік әділдік іздеген жұртшылық талабына лайықты жауап. Ол туралы Президенттің сайлауалды бағдарламасында айтылған. Біздің партиялардың сайлауалды бағдарламаларына да енгізілді. Аталған мәселеге осы сессияда нүкте қойылды. Бұл заң – заңсыз алынған активтерді қайтарудың жаңа құқықтық тетіктерін қалыптастырды», - деді Ерлан Қошанов.
Сондай-ақ төраға бұдан басқа да маңызды заң жобалары қаралып, қабылданғанын атап өтті.
Сенат пен Мәжіліс депутаттары тиісті қаулыны қабылдады.
Осымен сегізінші сайланған Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясын жабық деп жариялаймын, - деді Мәжіліс төрағасы.
Биыл наурызда өткен Парламент сайлауында AMANAT партиясы 40 орын, «Ауыл» партиясы 8 орын, Respublica партиясы 6 орын, Қазақстан халық партиясы 5 орын, «Ақ жол» партиясы 6 орын және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 4 мандат алды.
«Ауыл» партиясынан депутат болғандар:
Қазақстан Халық партиясынан депутат болғандар:
«Ақ жол» партиясынан депутат болғандар:
Respublica партиясынан депутат болғандар:
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан Мәжіліске өткен депутаттар:
Amanat партиясынан депутат болғдардың тізімі:
Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімі: