Үйді ипотекаға рәсімдегендердің көбі астаналықтар екен
Биыл елімізде баспананы несиеге алатын адам саны көбейген. Жыл басынан бері қарызға үй алғысы келген адамдар 4 трлн 800 млрд теңгеге ипотека рәсімдеп үлгерген. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 4,5 пайыз көп.
Баспананы несиеге алғандардың басым бөлігі астаналықтар болып шықты. Банк қала тұрғындарына 1 трлн 500 млн теңгеге жуық қарыз берген.
Одан кейін алматылықтар 1 трлн теңгеге ипотекамен үй алса, Қарағанды қаласының халқы баспананы 307 млрд теңгеге рәсімдеген.
Мәліметке сүйенсек, Ұлытау, Жетісу облыстарының тұрғындары жылжымайтын мүлік үшін ең аз несие рәсімдеген.