Қарағанды тұрғыны көлігімен бірге тірідей жанып кетті

Еркеғали Болатұлы

Процестік шешім кейін қабылданады

фото: дереккөз

Қарағандыда жол апаты болып, жүргізуші көлігімен бірге тірідей жанып кетті, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Толығырақ айтқанда, 28 маусымда сағат 18:00 шамасында Қарағанды қаласындағы Федоров су қоймасына барар жолда «Мерседес Бенс 124» автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, ағашқа соқтығысып, көлік өртеніп кеткен.

Апат салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Процестік шешім соның нәтижесі бойынша қабылданады.