Неке бұрынғыдай АХАТ бөлімдерінде тіркеледі

Дәурен Ерболат

1 шілдеден бастап некені тіркеу 3,8 мың теңге болады 

Фото: Tengrinews.kz

Неке бұрынғыдай АХАТ бөлімдерінде тіркеле береді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Әсем Болатбекова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 1 шілдеден бастап АХАТ функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беріледі. Алайда некені тіркеу үшін өтініш беру рәсімі өзгеріссіз қалады. Оларды аудандық және қалалық АХАТ бөлімдері орындайды. Бұдан басқа, электронды үкімет порталы арқылы онлайн өтініш беру мүмкіндігі сақталады, - деді Әсем Болатбекова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

АХАТ функциясын ХҚКО-ларға берудің басты себебі цифрландыру болып саналады.

АХАЖ функциясының мемлекеттік корпорацияға берілуінің басты себебінің бірі –  АХАТ электронды базасында жүргізілген цифрландырудың сапасыздығы. Мысалы, сапасыз сканерленген құжаттар, қате деректерді енгізу, - деді ол.

Әсем Болатбекованың айтуынша, некеге тұрғысы келетіндер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжатпен келуі керек. Өтініш бергенде қазақстандық неке қию рәсімін салтанатты түрде немесе мүлдем жасамау құқығына ие.

АХАТ-та тегін әрі ақылы қызмет түрлері болады. Мысалы, 1 шілдеден бастап некені тіркеу 3 874 теңге, ал өзара келісім бойынша некені бұзу 7 728 теңге болады. Тууды, өлімді тіркеу сияқты әлеуметтік маңызды қызметтер тегін болып қала береді.