Қайтарылған қаржы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға жұмсалуы керек
Сенат депутаттары «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Құжаттың негізгі мақсаты – Қазақстанның аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою.
Заң жобасының негізгі ережелері мынадай:
Заңда активтерді қайтарудың ерікті немесе мәжбүрлі тәртібі көзделген. Ерікті қайтару адамдардың өздеріне тиесілі мүлікті мемлекетке ерікті түрде қайтару туралы келісімдер жасасу арқылы (яғни арнаулы мемлекеттік қорға) өтеусіз беруі жолымен іске асырылады.
Заң аясында азаматтық тәртіпте активті тәркілеудің жаңа институты енгізілді, ол қазір шет елдерде кеңінен қолданылады.
Бас прокуратураның құрылымында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылған еді.