Halyq Uni логотип
×

Сенат «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңды мақұлдады

Қайтарылған қаржы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға жұмсалуы керек

 Дәурен Ерболат 29.06.2023 | 12:07
Сенат «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңды мақұлдады
Фото: Halyq Uni

Сенат депутаттары «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Құжаттың негізгі мақсаты – Қазақстанның аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою.

Заң жобасының негізгі ережелері мынадай:

  • Заңмен реттелетін құқықтық қарым-қатынастар субъектілерін анықтау;
  • Заңсыз иемденілген активтерді ашу, пайда болуын растау және қайтару тетіктерін регламенттеу;
  • Заңсыз иемденілген активтерді қайтару рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету;
  • Оның өкілеттіктерін айқындай отырып, заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселелері бойынша комиссия құру;
  • Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде беруді ынталандыру;
  • Активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған жүйелі шаралар қабылдау;
  • Өз өкілеттіктерін айқындап, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері жөніндегі уәкілетті органды құру;
  • Өкілеттіктерін айқындай отырып, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды құру;
  • Қайтарылған активтерді шоғырландыру және Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыру үшін арнаулы мемлекеттік қор мен басқарушы компанияны құру.

Заңда активтерді қайтарудың ерікті немесе мәжбүрлі тәртібі көзделген. Ерікті қайтару адамдардың өздеріне тиесілі мүлікті мемлекетке ерікті түрде қайтару туралы келісімдер жасасу арқылы (яғни арнаулы мемлекеттік қорға) өтеусіз беруі жолымен іске асырылады.

Заң аясында азаматтық тәртіпте активті тәркілеудің жаңа институты енгізілді, ол қазір шет елдерде кеңінен қолданылады.

Бас прокуратураның құрылымында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама