ШҚО-дағы барлық табиғи өрттер сөндірілді
Жартасты жерлер мен қатты соққан желдің екпіні өртті бірден үлкен аумаққа таратты
Шығыс Қазақстанда барлық табиғи өрттер сөндірілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, орманшылардың, өрт сөндірушілердің және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында Ұлан ауданында Приморск орманшылығында және Глубокое ауданында Комсомол орманшылығында (Өскемен қаласының шеті) құрғақ өсімдіктердің жануы тоқтатылған.
26 маусымынан бастап Ұлан ауданында жалпы ауданы 5 гектар болатын өртпен күресіп, ал 27 маусым сағат 11:00-ден бастап Өскемен қаласының шетіндегі өртпен арпалысып, жалпы ауданы 14,2 гектар өрт сөндірілді.
Бұл екі өртті сөндіруді таулы, жартасты жерлер мен қатты соққан желдің екпіні қиындатып, жағдайды ушықтырып, өртті бірден үлкен аумаққа таратты.
Қол жетпейтін жерлерде өрттерді сөндіру үшін ШҚО әуе бөлімшесінің тікұшақтары қолданылды. Ұлан ауданында орманшылар мен су десантын жеткізу үшін екіншісінде әуе бөлімшесі 7 рет су төкті. Осылайша өрттің таралуына жол берілмеді. Әдетте, мұндай өрттер халықтың отқа немқұрайлы қарауынан болады.