Бестөбе тұрғыны жұмыс істемейтін шахтадан алтынды заңсыз өндірген
Ол құпия жерді үйінің ауласында жасырған
Бестөбе кентіндегі жұмыс істемейтін шахталарға заңсыз кіру дерегі анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бестөбе кентінің аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғындардың бірінің ауласында шахтаның төменгі көкжиектеріне кіруге арналған орынды анықтады. Халық арасында «құбыр» деп аталатын құпия жерді ауыл тұрғыны өз үйінің ауласында бетон плитамен және қолда бар материалдармен жасырған.
Жер қойнауын өз бетінше пайдалану және құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру фактілерін болдырмау, ең бастысы заңсыз кен іздеушілермен шахталардың төменгі көкжиектеріне түсу кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бұл жолды жою туралы шешім қабылданды.