Павлодар облысында айыппұл төлемей жүрген жүргізушілерден 39 млн теңге өндірілді
52 көлік арнайы тұраққа қойылды
Павлодар облысында борышкер жүргізушілерден 39 млн теңге өндірілді, деп хабарлады Polisia.kz.
Биыл 7 маусымнан бастап Павлодар облысында «Борышкер – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ол 30 маусымға дейін жалғасады.
Профилактикалық іс-шараның мақсаты – құқықбұзушылардан айыппұлдарды өндіріп алу, әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу туралы халықты хабардар ету.
Жолдағы рейдтер кезінде патрульдік полиция қызметкерлері деректер базасы бойынша көліктердің нөмірлерін тексереді. Егер жүргізуші осы тізімнен табылса, көлік қарызды өтегенге дейін айыппұл тұрағына жіберіледі. Аталған іс-шара басталғаннан бері полицейлер борышкер жүргізушілерден 39 млн-нан аса теңге өндірді. 52 көлік арнайы тұраққа қойылды, – деді Павлодар облысы ПД басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.