Абай облысында орман өртінен кейін бақылау күшейтілді
Облыс аумағаныдағы авто және теміржолдарда көліктерді тексеріп жатыр
Абай облысында орман өртінен кейінгі санитарлық жұмыстарға бақылау күшейтілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімдігі орман өртінен кейін күйген ағаштарды кесуге қатысты қоғамда алаңдаушылық туғанын хабарлап, полицияның күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Полиция департаменті өрт оқшауланған 15 маусымнан бастап күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Тәртіп сақшылары өртенген аймақтан ағаштардың кесілуіне, тасымалдануына жол бермеу үшін алдын ала шараларды қатаңдатты, - делінген ресми ақпаратта.
Облыс аумағаныдағы авто және теміржолдарда көліктер мен жүк вагондары жіті тексеріліп жатыр.
Сонымен қатар өңірдегі Қоғамдық кеңес мүшелері арнайы комиссия құрады. Ол комиссия осы мәселеге қоғамдық бақылауды қолға алады. Яғни, өрттен кейінгі санитарлық жұмыстар азаматтардың қатысуымен жүзеге асады.