Соңғы үш жылда қазақстандықтар құмар ойындарға триллион теңге жұмсады – депутат
Қазақстанда суицидке баратындардың әрбір бесіншісі – құмар ойынға әуес адам
Атырау қаласында Мәжіліс депутаты Руслан Берденов, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен «Ойынқұмарлық – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында депутат букмекерлік кеңселер мен құмар ойындарды қылмыс тудыратын елдегі ең күрделі мәселелердің бірі деп атады. Бас прокуратураның мәліметінше, 2022 жылы 157-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Олардың 20% немесе 31 мыңнан астамы құмар ойындар негізінде жасалған.
2022 жылғы статистикаға сәйкес, 3676 суицид фактісі жасалған. Олардың әрбір бесіншісін құмар ойындарға әуес адам жасайды, - деп атап өтті Берденов.
Депутаттың дерегінше, соңғы үш жылда Қазақстан азаматтары құмар ойындарға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсаған.
Жиын барысында депутат басқа елдерден мысал келтірілді. Мәселен, Қырғызстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметіне тыйым салынады. Ал Оңтүстік Корея мен ҚХР-да құмар ойындарға ресми түрде тыйым салынған. Онлайн-казино ойыншылары түрме жазасына кесіледі. Сонымен қатар, құмар ойындарға қатысты барлық интернет-сайттар қатаң цензураға ұшырайды және бұғатталады.