Астанада қай жерде құрбандық шалуға болады?
Биыл Құрбан айт 28-30 маусым аралығында мерекеленеді
Елордада қасиетті Құрбан айт мерекесінде құрбандық шалынатын орындар анықталды, деп хабарлады қалалық дін істері жөніндегі басқарма.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, 28 маусымда таңғы сағат 6:00-де Астанадағы «Айт намазы» оқылады.
Қалада бекітілген мына орындарда сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін құрбандық шалынады:
- «Ұлжан» әмбебап базары, Сарыарқа ауданы, Нұрғиса Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары);
- «Жайлау» базары, Байқоңыр ауданы, Алаш тас жолы, С-313 көшесі («Шарын» базарының арты);
- «Шанхай» базары, Байқоңыр ауданы, Алаш тас жолы, 34/6 («Көк базар» базарының арты);
- «Шопан ата» базары, Байқоңыр ауданы, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
- «Баракат» базары, Байқоңыр ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат.
Құрбандыққа сойылған малдың еті түгелдей көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.
Тағы басқа сұрақтар бойынша 109 call-орталығына хабарласуға болады.