Өрттің жалпы ауданы – 80 гектар
Астана маңындағы өрт толық сөндірілді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен бүгін Талдыкөл ауданында 80 гектар болатын жерден шыққан өрт бүгін сағат 11:22-де толық сөндірілді. Онда қамыс пен құрғақ шөп жанған еді, - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі қала маңындағы өртті сөндіруге 1-2 апта керектігін айтқан болатын.