Қазақстандықтарға РФ-ның Украинамен шекаралас аймақтарына бармау керектігі ескертілді
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі ел азаматтарын Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарына барудан бас тартуын ескертіп, үндеу жариялады.
Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында болып жатқан қауіпсіздік жағдайларына байланысты, аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұраймыз. Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарынан Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде консулдық есепке тұруларыңыз (консулдық есепке сілтеме бойынша онлайн тұруға болады) міндетті түрде ұсынылады, - делінген елшілік жолдаған ресми хабарламада.
Бұл ретте төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетілетін болады.
ҚР РФ Елшілігінің жедел желі телефоны: +7-925-897-71-14.