×

Алматыда бес адамды атып өлтірген тұрғынға қатысты сот үкімі шықты

Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

 Айнұр Шошаева 26.04.2022 | 15:05
Игорь Дужнов, фото: ашық дереккөзден

Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Алматыда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты үкім шықты. Сот үкімін судья Еркін Майшинов оқыды.

2021 жылы 20 қыркүйекте Игорь Дужнов Алматыда үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушыларына, полиция қызметкерлеріне және үйдің жаңа иесі мен оның өкіліне оқ жаудырып, оларды аңшы мылтығымен атып өлтірген.

21 сәуірде сотта соңғы сөзін сөйлеген Игорь Дужнов әстеген әрекеті үшін өкінбейтінін, кінәсін мойындамайтынын айтты. Ол өзіне қатысты тергеудің біржақты жүргізілгенін айтып, айыптаушы тарапты заңды өзіне ыңғайлы түрде қолданды деп айыптады.

Еске салайық, 19 сәуірде мемлекеттік айыптаушы мен жәбірленуші тарап соттағы жарыссөз барысында Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Президент Төтенше жағдайлар министрін тағайындады

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
10.06.2023 | 15:14

Үржар ауданында 2,6 млрд теңге жұмсалған су құбырлары толық тартылмаған

Жұмыс орындалып, бөлінген сома толық игерілді деген актіге қол қойылған
10.06.2023 | 14:24

«SCAT» компаниясы Пәкістанға әуе рейстерін ашады

Әуе кемелері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады
10.06.2023 | 13:18