×

Спорт мектептеріндегі жаттықтырушылардың жалақысы өседі

Елімізде 15 мыңнан астам жаттықтырушы-оқытушы бар

 Халық үні 23.06.2023 | 16:03
Фото: Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Мәдениет және спорт министрлігі жаттықтырушы-оқытушыларға үстемеақы төлеу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Министрлік спортшыларды жаттықтырушы-оқытушыларды ынталандыру жүйесін енгізу жөніндегі жоба әзірледі.

Бұл шара балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, спорт клубтары, олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат, колледждер жұмысының жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жалақысын арттыруға мүмкіндік береді, - делінген ақпаратта.

Қаулы жобасына сәйкес жаттықтырушы-оқытушыларға спортшының жоғары тұрған дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысқаны үшін базалық лауазымдық жалақының 10%-дан 60%-на дейін қосымшаақы төлеу көзделген. Сондай-ақ топтарға басшылығы үшін жалақысының 100%-дан 130%-на дейін үстемеақы тағайындалады.

Айта кетейік, елімізде спорт түрлері бойынша 15 мыңнан астам жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама