«ҚазТрансАймақ» АҚ нарықтағы басымдықты өз мүддесіне пайдаланған – агенттік

Динара Амантай

Кәсіпкерлер қосалқы мердігерлік ұйымдар ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болған

Фото: видеодан скриншот

«ҚазТрансАймақ» АҚ нарықтағы басымдықты өз мүддесіне пайдаланғаны белгілі болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Бизнеске жол» жобасы аясында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бәсекелестік ортаға негізсіз араласуына қатысты «Бірлік газ» кәсіпкерлер қауымдастығының өтініші шеңберінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ) нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйі және тұтынушыларды табиғи газға қосу кезінде мемлекеттік компанияның қатысуын талдап, оның орынды емес екенін анықтады.

2019-2023 жылдары 6,3 мыңнан аса елді мекен газға қосылып, 11,6 мыңнан аса тұтынушы көгілдір отынға қол жеткізді. Әрине, бұл ҚМЖ қызметіне жоғары сұранысты арттырды.

Акционерлік қоғамның ҚМЖ мердігерлері мен ҚМЖ тәуелсіз жеткізушілерінің құнын талдау мен салыстыру кезінде бағалар бір диапазонда және және газдандыру қарқынына әсері аз екенін көрсетті. Демек, Акционерлік қоғам ұсынатын баға ҚМЖ нарығында онсызда неғұрлым қолжетімді ұсыныстардың болуына байланысты бәсекелестігі дамыған бұл нарықтағы бағаның индикаторы бола алмайды. Осылайша, нарық бәсекеге қабілетті, оған 800-ден аса кәсіпкердің үлесі бар. Тек Астана қаласының өзінде бұл салада 141 кәсіпкер жұмыс істейді.

Акционерлік қоғам доминантты жағдайда болып, ЖШС-ның бірімен ҚМЖ-ға келісімшарт жасасқан. Сондықтан кәсіпкерлер қосалқы мердігерлік ұйымдар ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болған.

Мемлекеттің тікелей араласуынсыз газдандыру қарқынын жеделдету мақсатында БҚДА тарапынан тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде 22 маусымда БҚДА Акционерлік қоғамға ҚМЖ нарығында, оның ішінде осы жұмыстарды бөгде ұйымдардан сатып алу арқылы жүзеге асыруды тоқтату қажеті туралы ұйғарым шығарды. Нұсқаманы орындауға 15 күнтізбелік күн берілді.