Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 9 отбасыға мал берілді
Бір ауданда 260 млн теңгеге өтінім мақұлданған
Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 9 отбасыға мал берілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Байғанин ауданында барды. Ол мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын тексерді әрі тұрғындармен кездесті.
Өңірде «Ауыл аманаты» жобасы белсенді түрде іске асырылып жатыр. Өңір басшысы ауданға қарасты Қызылбұлақ ауылдық округінде де болды. Онда «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылардың өнімдері қойылған көрме өтті.
Көрмеде 9 шаруа қожалығына: 9 отбасына 30 бас ірі қара мал, 10 бас ұсақ мал, 6 түйе және 2 жылқы алуға сертификаттар берді. Мұндай несиені ауыл тұрғындары алынған мал төлдерінің бір бөлігімен қайтарады.
Ауыл тұрғындарының бір-біріне қолдау көрсетуі қуанышты жағдай. Бүгін мал алғандар үмітті ақтап, ата кәсіптен табыс тауып, отбасын қамтамасыз ете алады деген сенімдемін. Бұл әрқайсыңызға берекелі істің бастауы болсын, шаруаларыңызды дөңгелетіп, сіздер де басқаларға қол ұшын беретін жағдайға жетіңіздер, - деді Ералы Тоғжанов тауарлық несие сертификаттарын табыстау кезінде.