Қос мемлекет саяси және экономикалық байланысты нығайтуға ниетті
Премьер-министр Әлихан Смайылов Грузияға ресми сапармен барды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Тбилисиде үкімет басшысын қарсы алу рәсімі өтті. Әскери оркестр салтанатты жағдайда қос елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Содан кейін Әлихан Смайылов пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили қарауыл бастығының ере жүруімен Құрмет қарауылы сапын аралап шығып, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.