Былтыр 1,3 мың борышкер жұмысқа орналастырылған
Жыл басынан бері алимент төлемеген мыңнан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni.
5 айда алимент төлемдері бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 1 094 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Үш айдан аса уақыттан бері алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтар бар. Оларды Ішкі істер органдарына қылмыстық кодекстің 139-бабы шеңберінде 410 ұсыным жолданды, оның 76-сы сотқа жолданды, - деді Азамат Есқараев ОҚК-де өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, алимент төлемеген 6 969 адам Қазақстан аумағынан шыға алмайды.
«Кейбір жағдайда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіру қиынға соғады. Соған байланысты былтыр бес айда 1 362 борышкер жұмысқа орналастырылды», - деді министр.