Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында жантүршігерлік көлік апатынан 2 адам қаза тапты

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті

 Дәурен Ерболат 23.06.2023 | 12:55
Алматы облысында жантүршігерлік көлік апатынан 2 адам қаза тапты
Фото: Depositphotos.com

Алматы облысында жантүршігерлік көлік апаты болып, 2 әйел көз жұмды, деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 22 маусымда Ақсай-Шоңғжы-Қажат тас жолында болған. 32 жастағы Lexus жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған.

Апат салдарынан көліктің жүргізушісі мен ондағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатын алған 25 жастағы тағы бір жолаушы Шоңжы ауылының ауруханасына жеткізілді, - деп жазылған хабарламада.

Іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша Ұйғыр ауданы полициясы бөлімінде тіркелді. Бүгінде сараптамалық тексерулер жүргізіліп, барлық қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама