Президент полиция өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Әділетті Қазақстанда құру жолында әрбір қызметшінің ісіне адал болуы маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді және полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Ол Мемлекеттік қызметші және Полиция күндеріне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жариялады
Мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін, – деп жазды президент.