Қазақстандықтар қартайып жатыр

Дәурен Ерболат

Қалаларда қартаю индексі жоғары

Фото: Tengrinews.kz

Елімізде ерте қартайып жатқан азаматтар саны күрт көбейді, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

2022 жылы елімізде қартаю индексі 28,2 болды. Көрсеткіш бір жыл ішінде 1,6%-дық тармаққа өсті (2021 жылы – 26,6). Бұл 0-15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 қариядан келеді деген сөз.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары индекс ШҚО-да – 56,9, одан кейін Солтүстік Қазақстан – 56,3, Қостанай облыстары 48,9 тұр.

Халқы ең жас өңір – Маңғыстау облысы. Мұнда соңғы 10 жылдан бері туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркелді: 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді.

Сондай-ақ қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында – 11,3 Шымкент қаласында –11,7.

Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылды жерге қарағанда жоғары: 30,7 және 24,5.