Қазақстандықтар қартайып жатыр
Қалаларда қартаю индексі жоғары
Елімізде ерте қартайып жатқан азаматтар саны күрт көбейді, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2022 жылы елімізде қартаю индексі 28,2 болды. Көрсеткіш бір жыл ішінде 1,6%-дық тармаққа өсті (2021 жылы – 26,6). Бұл 0-15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 қариядан келеді деген сөз.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары индекс ШҚО-да – 56,9, одан кейін Солтүстік Қазақстан – 56,3, Қостанай облыстары 48,9 тұр.
Халқы ең жас өңір – Маңғыстау облысы. Мұнда соңғы 10 жылдан бері туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркелді: 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді.
Сондай-ақ қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында – 11,3 Шымкент қаласында –11,7.
Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылды жерге қарағанда жоғары: 30,7 және 24,5.