×

Президент тапсырмасын орындамаған тағы бірнеше шенеунік қызметінен босатылды

Олар жұмысты уақытында жасамаған

 Қымбат Елтайқызы 26.04.2022 | 09:30
фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстарының кешігуіне байланысты «Qazavtojol»ҰК»АҚ және ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің бірқатар қызметкері жауапқа тартылды.

Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін «Qazavtojol»ҰК»АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан босатылды. Бұдан басқа әкімшілік сипаттағы шаралар QAJ орталық аппараты мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің басшылықтағы бірқатар қызметкері мен мамандарына қатысты қолданылды, – дейді ИИДМ.

Бұған дейін аталған себептерге байланысты индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қызметінен шеттетілген болатын

«Мыңдаған адам жол азабын тартып отыр». Президент тапсырмасынан кейін БҚО жолдары жөнделмек. Батыс Қазақстан жол сапасы бойынша көш соңында тұр – премьер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама