×

Алматыда көлік тұрағы мәселесі қалай шешіледі – әкім жауабы

Мегаполисте күн сайын 800 мыңға жуық көлік қатынайды 

 Халық үні 22.06.2023 | 13:32
Фото: almaly.kz

Алматыда көше бойында көлік тұратын жерді тұрақ ретінде заңдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni

Алматылықтардың атына статистика бойынша 550 мың автокөлік тіркелген. «Сергек» арқылы күн сайын қалаға 250 мыңға жуық көлік кіреді. Демек, бір уақытта қалада 750-800 мың автокөлік болады. 2022 жылы бізге Almaty Parking-ті қайтарды. Бізде 12,5 мың көлікке арналған орын бар. Ол қаланың тарихи орталығында орналасқан. Биыл Алматының бірыңғай тұрақ кеңістігін қалыптастыру тұжырымдамасын аяқтаймыз. Оның ішінде қаладағы 8 ауданды қамтимыз, - деді Ерболат Досаев.

Қала әкімі көше бойында үнемі көлік тұратынын, алайда ол жердің тұрақ саналмайтынын айтты.

«Қажетті инфрқұрылымды дайындап, оларды (көше бойындағы тұрақты) заңдастырғымыз келеді. Дифференциалды тарифті қаланың орталығында қымбат қылып, орталықтан әрі қарай арзандай беретіндей еткіміз келеді. Бұл әлемде бар (тәжірибе). Жұмыста қыркүйекте аяқтап, дифференциалды төлем жүйесін күзде мәслихаттың қарауына енгіземіз. Барлық қаражат жергілікті бюджетке түседі. Сонымен қатар түскен қаражат аудандардың өзіне жұмсалады. Демек, қала қаражатты өзіне қалдырмайды, сол қаражат түскен ауданның бюджетіне беріледі», - деді мегаполис әкімі.

Айтуынша, ол қаражат аудандардың инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама