Halyq Uni логотип
×

«Айыппұл!»: Қызылорда облысында кәсіпкерлер күріштің бағасын заңсыз қымбаттатқан

 6 ірі өндіруші мен көтерме саудагерге қатысты тергеуді аяқталды

 Динара Амантай 22.06.2023 | 12:02
«Айыппұл!»: Қызылорда облысында кәсіпкерлер күріштің бағасын заңсыз қымбаттатқан
Фото: Halyq Uni

Қызылорда облысында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері үшін күріш сатқан адамдарға айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті күріштің 6 ірі өндірушісі («Абзал и К» ТС, «Мағжан и К» ЖШС, «Жан-Арай» ЖШС, «Най-Мир» ЖШС, «Абай-Даулет» ЖШС және «Байдалиев К» ЖК) мен көтерме саудагерге қатысты тергеуді аяқтады .

Нақты айтсақ, кәсіпкерлер күріш бағасын белгілеп, ұстап тұрғандығы туралы бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл фактілері анықталды.

Тергеу қорытындысы бойынша күріш өндірушілер мен көтерме саудагерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Биыл маусымда сот жоғарыда аталған күріш өндірушілерді жалпы сомасы 67,9 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама