×

STOP-трафик: Алматыда бес жезөкшелер үйі анықталды (ВИДЕО)

Сондай-ақ жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолы кесілді

 Динара Амантай 22.06.2023 | 10:54
Фото: polisia.kz

Алматы қаласының полицейлері «STOP-трафик» жедел алдын алу операциясы кезінде бес жезөкшелер үйін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, жезөкшелікпен айналысатын орындар, сондай-ақ адам саудасына қатысты басқа да заң бұзушылықтар анықталды. Іс-шаралар Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілді.

Жыныстық эксплуатацияның алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелерінде, моншаларда, сауналар мен қонақ үйлерде жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық істерді тіркеуге негіз болған жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысудың 5 дерегі анықталды.

Сонымен қатар арнайы іс-шара барысында жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолы кесілді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Сондай-ақ емдік массаж жасайтын орынның атын жамылып, интимдік қызмет көрсетумен айналысқан екі массаж салонының заңсыз әрекеті анықталды, – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама