×

Мүгедек баласы бар: Атырау облысында пара алған әкім айыппұлмен құтылды

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ

 Айнұр Асылбекқызы 25.04.2022 | 23:47
Көптоғай ауылы, фото: wikipedia.org

Атырау облысының Құрманғазы аудандық соты пара алу (Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі) және қызметтік жалғандық жасау (ҚК 369-бабының 1-бөлігі) дерегі бойынша Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының әкімі Х.-ға, пара беру (ҚК 367-бабының 2-бөлігі) және құжаттарды қолдан жасау (ҚК 385-бабының 1-бөлігі) дерегі бойынша үкім шығарды.

Сот ауылдық округ әкімі лауазымын атқара отырып, әкім аппаратына тиесілі ғимаратты сатуға жәрдемдескені және сотталушы К.-мен жалған мәліметтер енгізілген ресми құжаттарды тіркеуші органға бергені үшін ЖШС директоры К.-дан 800 000 теңге сомасында пара алған.

Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушылардың кінәсін мойындауымен, жедел-іздестіру іс-шараларының және жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесімен, бейнефонографиялық сараптаманың қорытындысымен, мемлекеттік аудитордың қорытындысымен, банк құжаттарымен дәлелденді.

  • ҚК-тің 366-бабының 2-бөлігі және 367-бабының 2-бөлігінің санкцияларында айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазалары көзделген.
  • ҚК-тің 369-бабының 1-бөлігінде, 385-бабының 1-бөлігінде көзделген санкцияда аса ауыр емес қылмыстарға жатады.

Жаза тағайындау барысында Х.-ның асырауында мүгедек баласының бары, ал К.-ның қарт ата-анасының бары ескерілді. Екі сотталушы да өз кінәсін толық мойындады.

Айыптау актісінде тергеуші жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын көрсеткен.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, сот Х.-ға 32 млн теңге және К.-ға 16 млн теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Сотталғандардың екеуі де өмір бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама