Ақмола облысында полицей мен оның сыбайласы сотталды

Динара Амантай

Сотталушы аға лейтенант атағынан айырылды

Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторы мен оның сыбайласы алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, сотталушылар үш адамның сеніміне кіріп, жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру кезінде көмектесуге уәде еткен. Сол үшін ақша алған. Кейін оларды мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберген. Алайда, үш адамның біреуі емтиханды өз күшімен тапсырса, қалған екеуі емтиханнан өте алмай қалған.

Алаяқтықтың үш эпизоды бойынша жіберленушілерге 165 мың, 250 мың және 350 мың теңге көлемінде зиян келтірілді. Сотталушылар үш адамға жасаған алаяқтық қылмысын мойындады. Олардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, сот-видеофонография сараптамаларының қорытындысымен дәлелденді. Сонымен бірге «Kaspi Bank» шотынан ақша аударылғандығы туралы түбіртек көшірмелері, жәбірленушілермен жазған хат-хабарлары алынды.

Жаза тағайындау кезінде сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар – шын жүректен өкінуі, кінәні мойындауы, келтірілген залалдың орнын толтыруы ескерілді.

Сот үкімімен полиция инспекторы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі 2 және 4-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен бірге ол өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан, полицияның аға лейтенанты атағынан айырылды.

Ал оның сыбайласы Қылмыстық кодекстің 28-баптың 4-бөлігі 190-бабы 5-бөлігінің 2 және 1-тармақтары бойынша 4 жылға бас 6остандығы шектеліп, пробациялық бақылау белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.