Астананың денсаулық сақтау ұйымдарында бірқатар заңбұзушылық анықталды
Кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Астананың денсаулық сақтау ұйымдарында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Астана қаласы прокуратурасы Сарыарқа ауданының денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне тексеріс жүргізіп, онда қала аумағында тұрмайтын азаматтарды, сондай-ақ қайтыс болған адамдарды негізсіз тіркегені анықталды.
Прокурорлар пациенттердің міндетті скринингін (жасы бойынша) және балалардың профилактикалық тексеруден өтпеуі, созылмалы аурулары бар пациенттерге дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізбеу фактілерін анықтады.
Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. 12,5 мыңнан аса азаматтардың құқықтары қорғалды. Кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.