Абай облысында құны 13,8 млн теңге жер мемлекетке қайтарылды

Динара Амантай

Прокуратура 900-ден аса пайдаланылмаған ауыл шаруашылық жерлерін анықтады

Фото: Halyq Uni

Абай облысында құны 13,8 млн теңге жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс прокуратурасымен биыл 928 пайдаланылмаған ауыл шаруашылық жерлері анықталып (ауданы 733,5 млн гектар, құны 1,4 млрд теңге), 12 қадағалау актісі енгізілді. Мемлекеттік меншікке құны 313,8 млн теңге болатын аумағы 96,4 мың гектардан асатын 36 жер телімдері қайтарылды. Бұл бүкіл былтырға қарағанда 54,8 мың гектарға (56%) көп, осыған қатысты 1 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Ақсуат ауданы прокурорының ұсынсымен  «Өсім Агро» ЖШС ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған 1 жер телімі (ауданы 59 мың гектар) ерікті түрде мемлекет пайдасына қайтарылды.

Сондай-ақ қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет пайдасына олигаполия субъектісіне тиесілі алаңы 12,4 мың гектар болатын 3 жер учаскесі кері қайтты (құны 52,6 млн теңге).

Бүгінде пайдаланылмайтын 1 коммерциялық телімі (ауданы 100 гектар, құны 156 млн теңге) қайтарылып, 2 коммерциялық жерді (ауданы 21 гектар, құны 94 млн теңге) қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Қадағалау актісі негізінде 38 млн теңге ауыл шаруашылығы шығыны өндірілді.