Алматы облысында тыйым салынған жерде шомылған 30-ға жуық адам жауапқа тартылды

Динара Амантай

Оларға 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Фото: polisia.kz

Алматы облысында тыйым салынған жерде шомылған 30-ға жуық адам жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шомылу маусымы кезінде адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын өңірдің су айдындарында профилактикалық рейд жүргізіп жатыр.

Рейдтте қауіпсіздік ережелерін бұзған адамдар жауапқа тартылды. Мас болып, тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін 28 адамға 362 мың 250 теңге сомасына айыппұл салынды.

Негізінен мас адамдар, қараусыз қалған балалар және тыйым салынған жерлерде шомылатын азаматтар жазатайым оқиғаларға тап болады.

Осыған байланысты, Алматы облысының ТЖД  шомылу кезінде негізгі ережелерді сақтауды сұрайды.