Halyq Uni логотип
×

«Мен сізді сыйлаймын, бірақ...»: Мәжіліс спикері министрге өңірлерді аралауға кеңес берді

Мемлекет басшысы Қазақстандағы тозған – апатты жағдайдағы жылу орталықтарын аралайды

 Дәурен Ерболат 21.06.2023 | 12:39
«Мен сізді сыйлаймын, бірақ...»: Мәжіліс спикері министрге өңірлерді аралауға кеңес берді
Ерлан Қошанов, фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қазақстандағы тозған  апатты жағдайдағы жылу орталықтарына баратынын айтып, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке өңірлерді аралауға кеңес берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министр елімізде тозған, апатты жағдайда тұрған ЖЭО-лар бар екенін, оларды жөндеу бойынша жұмыс жүргізетінін айтты. Оның сөзін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бөлді.

Сіз дайындалып болғанша қыс келеді. График бойынша жұмыс істедік дейсіз. Сіз бізге неге график туралы айтасыз? Сіз қайда болдыңыз, ондағы жағдай қандай? Сұрақ нақты қойылды. Қазақстанның қандай қалаларында қауіп бар?, - деді Мәжіліс төрағасы.

Алмасадам Сәтқалиев сұраққа нақты жауап беруге тырысты.

«Семейдегі №1 ЖЭО, Павлодардағы №2 ЖЭО, Шымкенттегі №3 ЖЭО, МАЭК-Қазатомөнеркәсіп №1 ЖЭО, Қазатомөнеркәсіп №2 ЖЭО, Жезқазған, Петропавлдағы №2 ЖЭО, Риддер, Теккелі, Шахтинскдегі ЖЭО-лар бойынша қауіп бар. Осы нысандарды министрлік бақылауда ұстап отыр», - деді министр.

Ерлан Қошановқа министрдің жауабы ұнамады.

Мен сізді сыйлаймын. Бірақ Президент (ЖЭО-ларда – автор) жөндеу жұмыстарының басталғаны-басталмағанына қарамастан проблемасы бар қалалардағы барлық нысанды өзі аралайды. Қазір сіз тек графикті дайындап отырсыз..., - деп сөзін түйіндеді төраға.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама