Halyq Uni логотип
×

Елордада білім беру және цифрландырудағы волонтерлік бастамалар талқыланды

Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша елдер рейтингінде 28-орында тұр

 Халық үні 21.06.2023 | 12:14
Елордада білім беру және цифрландырудағы волонтерлік бастамалар талқыланды
Фото: ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Астанада Халықаралық волонтерлер форумының қатысушылары білім беру мен цифрландырудағы бастамаларды талқылады.

«Білім беру мен цифрландырудағы волонтерлік бастамалар» сессиясына Марат Фатхуллин, Нұрлан Қиясов, Сания Арапова, Дарья Павловская, Динара Қалихан қатысты.

Сессия барысында қатысушылар білім беру мен цифрландырудағы волонтерлік бастамалар жаңа технологияларды енгізу және қашықтан коммуникация құралдарын пайдалану арқылы оқытуды оңайлату мақсаттарын көздейтінін айтты.

Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша елдер рейтингінде 28-орын және азаматтардың электрондық қатысу рейтингінде 15-орын алады. IT-технологиялардағы қарқынды прогресс білім беруге де әсер етті, оқу процесін цифрландыру саласындағы волонтерлерге сұраныс өсті.

Сессияға қатысушылар өңірлер мен ауылдық жерлерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту тәсілдерін, онлайн-платформаларды дамытуды және e-education-дағы соңғы трендтерді қарастырды.

Сондай-ақ «Жедел волонтерлік көмек: денсаулық сақтау саласындағы волонтерлердің рөлі» сессиясында кейінгі екі жылдағы эпидемиологиялық жағдай мәселесі қозғалды. Форум қатысушылары коронавирус пандемиясы кезінде волонтерлердің қолдауы сезілгенін, жалпы бұл салада көмек қолын созуға дайын адамдардың бар екенін айтты.

Бұл бағыттағы волонтерлер ең алдымен қайда бара жатқанын біліп, алдын ала дайындықтан өтуі қажет.

Ал «Әлеуметтік волонтерлік және инклюзия» сессиясына премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысты. Спикерлер волонтерлердің халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысуы маңызды рөл атқаратынын айтып өтті.

Айта кетейік, әр сессия жұмысының қорытындысы бойынша Халықаралық волонтерлер форумының қорытынды қарарын қабылдау туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама