Осы іске қатысы бар тағы 13 адам бас бостандығынан айырылды
Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көліктік бақылау саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сот үкімімен Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Қ. Құдайбергенов пен оның сыбайласы Б. Шумбасова 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басқарған. Диагностикалық карталарды қолдан жасап, техникалық тексеруден өту туралы ақпараттық жүйеге жалған ақпарат енгізді деп айыпталды. Қылмыстық топтың басқа 13 мүшесі 5 жылға бас бостандығынан айырылып, тағы 4 адамның 2 жылға бостандығы шектелді.
Сондай-ақ сот үкімімен басқа лауазымды адамдар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Олар барлығы 350 мыңға жуық автокөлікті заңсыз тіркеген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.