×

Целиноград ауданында жол құрылысына бөлінген 1 млрд теңгеден аса қаражат ұрланды

Сотқа дейінгі тергеу болып жатыр

 Динара Амантай 21.06.2023 | 10:14
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысының Целиноград ауданында жол құрылысына бөлінген 1 млрд теңгеден аса қаражат ұрланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақмола облысының арнайы прокурорларымен мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол сот санкциясымен күзетпен ұсталды.

Ұсталғанға қатысты жол салуға бөлінген бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру фактісіне қатысы бар деген күдік қойылып отыр. Атап айтқанда, нақты жұмыстар орындалмаса да, ол мердігерге бюджеттен 1 млрд 244 млн теңге төлеген.

Аталған дерек бойынша ҚК 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен («Аса ірі көлемде ақша жымқыру») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Айта кетсек, осындай қылмыс жасаған үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама