Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,3 трлн теңгеден аса зейнетақы төленді
Елімізде 2 млн-нан аса зейнеткер бар
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 374,1 млрд теңге зейнетақы төлеуге бөлінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, базалық зейнетақы төлеуге 421,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 952,2 млрд теңге бөлінген.
1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 299 мың адам болып отыр.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 мың 743 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 мың 881 теңге, базалық зейнетақы – 37 мың 862 теңге.