Halyq Uni логотип
×

Жетісайда әйел бұрынғы күйеуінің үйіне ұрлыққа түскен

Күдікті ер адамның ұйықтап жатқанын пайдаланып, шкафта тұрған ақшаны алып кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2023 | 09:32
Жетісайда әйел бұрынғы күйеуінің үйіне ұрлыққа түскен
фото: ашық дереккөз

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны бұрынғы күйеуінің үйіне ұрлыққа түскен. Ер адам дереу полицияға арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, жатын бөлмесіндегі шкафта тұрған 100 мың теңгесін белгісіз біреу ұрлаған. Оның арызы Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы іске қатысы бар күдіктіні ізін суытпай анықтады. Ол жәбірленушінің бұрынғы әйелі болып шықты.

Күдікті әйел бұрынғы жұбайының үйіне қонуға кеткен қызын алып кеткісі келген. Сол кезде оның ұйықтап жатқанын пайдаланып, шкафта тұрған ақшаны алып кеткен.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама